Өрт сөндірушілер
Батыс Қазақстан облысының ауылды жерінде болған тосыннан болған өрт жағдайын дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірге қарасты Бөкейорда ауданы Орда ауылының азық-түлік дүкендерінің бірінде шатырдың отқа оранды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты арнайы күштері 60 шаршы метр аумақты шарпыған алаңдағы өртті жойды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Бұл ретте ТЖМ төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 номеріне хабарласуды сұрайды.

