БҚО-да бір тонна заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді
EL.KZ Информационно-познавательный портал
22.02.2023 12:53
Фото:
polisia.kz
Батыс Қазақстан облысының полицейлері ер адамнан бір тонна заңсыз алкоголь өнімдерін тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
1990 жылғы ер адам заңсыз алкогольдік ішімдікті тасымалдағаны үшін ұсталды.
«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Lawn жүк көлігін тоқтатты. Тексеру барысында бес литрлік бөтелкелерге оралған алкоголь өнімдері табылды», делінген полиция хабарламасында.
Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

