БҚО-да бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды
01.08.2025 07:29
Фото:
Видеодан кадр
Батыс Қазақстан облысындағы Орал – Атырау тас жолында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылы маңындағы Орал – Атырау автожолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Hyundai Accent көлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 31 жастағы ер адам болған.
Тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттары жоқ бекіре тұқымдас (стерлядь) 10 балық анықталды. Сонымен қатар арнайы ау және балық аулауға арналған қармақтар тәркіленді. Қызыл кітапқа енген және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген залал көлемі анықталу үстінде,-делінген полиция хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

