Жаңалықтар

БҚО-да балалар арасында таралған қауіпті дерттен 4 жасар қыз қайтыс болды

БҚО-да балалар арасында таралған қауіпті дерттен 4 жасар қыз қайтыс болды
Фото: © Pixabay.com 08.12.2023 10:15 1024

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында қызамықпен ауырған алты баланың бірі қайтыс болды, екіншісінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қызамық жұқтырған бес бала да бір балабақшаға барады. Қазір ол мекеме карантинге жабылды.Тасқала аудандық ауруханасында екі бала, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында тағы екеуі стационарлық ем алып жатыр.

Бір бала карантиннен шықты. Бір бала көз жұмды. Патологанатомиялық сараптама жасалды. Өлімнің нақты себебі қосымша зерттеулерден кейін анықталады, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомствоға сілтеме жасаған басылымның жазуынша, стационарлық ем алып жатқан төрт баланың үшеуінің жағдайы орташа ауыр. Бір баланың жағдайы ауыр.

Қызамық кезінде баланың қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріледі де, бала әлсізденіп, басы ауырып жатып қалады, бірінші күннің аяғында мойын жағына бөртпе шығып, барлық денесін басып кетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға