БҚО-да 9 күннен бері хабарсыз кеткен әйел адамды іздестіріп жатыр
Оралда жоғалып кеткен 53 жастағы әйел 9 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіден мәлім болғанындай, Жұмағаным Меңешева 21 тамыз күні Ғ.Тоқай көшесі 64-мекенжайында орналасқан «Таң» дүкенінен шамамен сағат 11.00-де шығып кеткеннен оралмаған көрінеді.
Ерекше белгілері ретінде оның бойы 163 см, арықша келген, қой көзді, қара, қысқа шашты екені айтылды.
Үстіне сұр футболка, қызыл шалбар, аяғына қызыл кроссовка киген. Өзімен бірге ұялы телефоны болған екен.
Жоғалған әйел туралы ақпарат болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласуға болады. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлады ведомстводан.