Жаңалықтар

БҚО-да 35 учаскеде жану жойылды

БҚО-да 35 учаскеде жану жойылды
Фото: ҚР ТЖМ 11.07.2023 14:53 770

Бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан облысында 40-қа жуық құрғақ жану тіркелген. Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың жедел әрекеттері мен уақтылы қабылданған шараларының арқасында 35 жану жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, бүгінгі таңда сөндіру жұмыстары Сырым, Тасқала және Казталов аудандарындағы қалған учаскелерде жүргізілуде.

ТЖ департаментінің Дағдарыс орталығында жедел штаб ашылды, оның құрамында барлық коммуналдық қызметтер бар.

Теректі ауданы Айтиево кентінде жану жойылды. Жану алаңы 50 га. Елді мекенге қауіп жоқ. Эвакуацияланған 44 ауыл тұрғындары өз үйлеріне оралды. Өртті сөндіруге БҚО ТЖД, ЕӨСБ, "Қазавтотревел", орман шаруашылығы, ЖАО 220-ға жуық адам, 40-тан астам техникасы мен күштері жұмылдырылды.

Теректі ауданы Новопавловка кентінде жану жойылды. Жану алаңы 25 га. Өрттің орман алқабына өту қаупі жойылды. Бұл жерде 50-ге жуық адам мен 16 бірлік ТЖД, ЕӨСБ, ЖАО және Қазавтотревел техникасы жұмыс істеді.

Теректі ауданы Жаңа өмір кентінің маңындағы жану жойылды. Жану алаңы 17 га. ТЖД, ЕӨСБ, орман шаруашылығы және ЖАО жеке құрамының 35-ке жуық адамы мен 10 бірлік техника жұмылдырылуда. Қосымша құрылыс және автожол басқармасының 2 су тасығышы тартылды.

Казталов ауданының Болашақ ауылындағы табиғи өрт жойылды. Алдын ала жану алаңы 4800 га. ТЖД, ЕӨСБ, МӨҚҚ, ЖАО күштері мен құралдарының 100-ге жуық адамы және 20-дан астам техникасы жұмыс істейді

Бөрлі ауданы Ақбұлақ кентінде құрғақ шөптің жануы жойылды. Жану алаңы 40 га. ТЖД, ЖАО, ЕӨСБ, Ақсу кентінің "БСП" ЖШС МЕӨҚҚ, "Өрт сөндіруші" ЖШС МЕӨҚҚ, орман шаруашылығының барлығы 70 адам және 15 бірліктен астам техника жұмылдырылды

Сырым ауданының Тоғанас кентінде құрғақ шөптің жануы орын алады. Шамамен жану ауданы 7000 га.құрайды. Елді мекенге қауіп жоқ. Жергілікті жерде БҚО, Ақтөбе облысының ТЖД, "Орал Өрт сөндіруші" МЕӨҚҚ 250-ге жуық адам және 60-тан астам техника жұмыс істейді.

Ақжайық ауданы Первомай ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы орын алады. Өрттің алдын ала ауданы 6700 га. Өртті сөндіруге ТЖД, МЕӨҚҚ Батыссервислюс, ЕӨСБ, ЖАО жеке құрамның 220-ға жуық адамы және 40-тан астам техникасы жұмылдырылды

Облыс бойынша барлығы 1000-ға жуық жеке құрам және 200-ден астам техника жұмылдырылды.

Бүгінгі таңда облыста ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға