БҚО әкімінің орынбасары Оралдағы ахуалды айтып берді
21.04.2024 21:21
Фото:
ortcom.kz
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов су тасқынына байланысты Оралдағы ахуалды баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы спикер республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте айтты. Әкім орынбасарының мәліметінше, өңірде қауіпті жағдай сақталуда.
Батыс Қазақстан облысында қауіпті жағдай сақталуда. Бүгінгі күні су деңгейі 24 см артып, қауіпті деңгейден асты. Қауіпті деңгей 8 м 50 см болса, қазір 857 см құрайды. Қорғау жұмыстары жалғасуда, қаланы қорғау бағытында Жайық өзенінің бойындағы 80 ауылда біркелкі жұмыстар атқарылды. 35 км қорғау бөгеті салынып, қапшықпен нығайтылды. Бұл жұмыстарға 2 мыңға жуық арнайы техника, 8 мыңға жуық адам тартылды, - деді Қалияр Айтмұхамбетов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

