Жаңалықтар

БҚО әкімі су басқан елді мекендерге барып, жағдайды бақылауға алды

БҚО әкімі су басқан елді мекендерге барып, жағдайды бақылауға алды
Фото: instagram.com/batys_kz 28.03.2024 09:40 866

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданындағы су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға басшылық етіп, төтенше жағдайлар қызметімен бірге атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

27 наурыз күні Сырым ауданында су деңгейі артып, елді мекендерді тасқын су басты.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев төтенше жағдай орын алған Сырым ауданына жол тартып, суға кеткен ауылдық елді мекен тұрғындарыдың қауіпсіз жерге көшірілуін қадағалады. Сондай-ақ, Сырым ауданың аумағында апатқа қарсы жедел штабтың отырысын өткізді.

Өңір басшысы түні бойы Төтенше жағдайлар министрімен байланыста болып, басқа облыстардан қосымша техникалар мен күштердің Батыс Қазақстандағы су тасқынының алдын алуға бағытталуын қамтамасыз етті.

Жергілікті сағат таңғы 5.00- ге дейін барлық жұмыстардың жүргізілуін толықтай қадағалады.

Нариман Төреғалиев аудан орталығындағы су деңгейінің түскеніне көз жеткізген соң, Қаратөбе ауданындағы апаттық жағдайды бақылауға жол тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға