Бозымбаев «Tasqyn» су тасқынын болжау жүйесінің жұмысын тексерді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Tasqyn» жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жүйе автоматтандырылған режимде су қоймасына су ағынын болжауға, көктемгі су тасқыны көлемін анықтауға және су басу аймақтарын модельдеуге мүмкіндік береді. Оны әзірлеуге цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, су және ирригация, төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар министрліктері қатысты.
Қазірдің өзінде «Қазсушар» РМК 86 су қоймасы цифрландырылды. «Қазгидромет» РМК және GloFAS жаһандық су тасқынының алдын алу жүйесінің деректері бойынша өзендердегі су шығындары мен деңгейлері бойынша нақты және болжамды деректерді көрсететін 75 өзен ағынының цифрлық гидрографы әзірленді.
Сондай-ақ бізге өз базамызды қалыптастыру және су тасқынын модельдеу дәлдігін жақсарту үшін тарихи деректерімізге сүйену маңызды, - деп атап өткен Қанат Бозымбаев әзірлеушілерге тиісті тапсырмалар берді.
Жетілдірілгеннен кейін жүйе мүдделі мемлекеттік органдарды оқытып, осы жылдың соңына дейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі.