Жаңалықтар

«Бозоқ» музей-қорығында республикалық этно-фестиваль ұйымдастырылды

«Бозоқ» музей-қорығында республикалық этно-фестиваль ұйымдастырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 31.07.2024 20:18 491

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында республикалық этно-фестиваль өтті, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында көпшілік назарына «Шолпы тағу» дәстүрі көрсетілді. Фестивальге мемлекеттік органдар өкілдері, ғалымдар, археологтар, этнологтар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Қонақтар ұлттық дәстүрлерді тамашалап қана қоймай, өздері де қатысып, салт-дәстүрдің насихатталуына атсалысты.

Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мәдени мұраның сақталуы халықтың тәрбиесі мен біліміне айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтауға көп көңіл бөледі. Рухани мұра – мемлекет құндылықтарының бірі. Әлемдік тәжірибеде мәдени мұра аса маңызды әлеуметтік функциясы бар мәдениеттің бір бөлігі ретінде қабылданады, – деді Күміс Сейітова.

Бойжеткен қыздар тағатын шолпы мен шашбау әшекейлері тек сәндік тұрғыда қолданылмайды. Оның қазақ мәдениетіндегі мәні мен маңызы өте терең.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға