Жаңалықтар

Босанатын әйелдің жанына туысының кіруіне тыйым салынды

Босанатын әйелдің жанына туысының кіруіне тыйым салынды
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 22.11.2023 09:55 984

Қазақстанда қызылша дертінің өршуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық перинаталдық орталығында босанатын әйелдің жанынан серіктес болып кіруге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform ХАА сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде СҚО перинаталдық орталығында қызметкерлердің бірі қызылшамен ауырып қалғаны туралы ақпарат шыққан еді. Қызылша жаңа туған нәрестенің өмірі үшін аса қауіпті, бұл жұқпалы ауру өлімгедейін жеткізеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі медицина қызметкерінің расымен дертке шалдыққанын, бірақ ауруды жұқтырған қызметкер ол кезде баласымен бірге науқастануына байланысты демалыстаа болғанын мәлімдеді.

Науқас қызметкер емдеу мекемесінде емделушілермен байланыста болмаған. Облыстық перинаталдық орталықта қызылша инфекциясы тіркелмеген. Перинаталдық орталықта карантин енгізілген жоқ, бірақ серіктестік босануға тыйым салынды. Мұндай шешім көбісі вакцинация паспортын ұсынбағанына әрі қызылшамен ауырғанын растай алмағанына байланысты қабылданған. Қызылшаның инкубациялық кезеңі ұзаққа созылады, келушілердің бірі ауруды жұқтырушы болуы мүмкін, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл науқастар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына қауіп төнбеуі үшін қабылданған шешім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға