Жаңалықтар

Бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің күшімен 2022 жылдың 6 айында 904 мың га пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жер мемлекет пайдасына қайтарылды.
Бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды
Фото: qazaly.kz 29.07.2022 07:28 3497

Қазақстанда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін жаппай қайтару жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.

– ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің күшімен 2022 жылдың 6 айында 904 мың га пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жер мемлекет пайдасына қайтарылды (2021 жылы 430 мың га қайтарылды). Биылғы жылдың соңына дейін тағы 5 млн га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтаруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр, – делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді қайтару жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылған.

– Қазіргі уақытта бірнеше бағыт бойынша жұмыстар қатар жүргізіліп жатыр: барлық облыстарда құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тарта отырып ведомствоаралық топтар құрылды; 7,45 млн га алаңда 2 584 субъектіге қатысты «жаппай қауіп» шеңберінде Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тексерулер жүргізуін көздейтін Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы қабылданды, – делінген ведомство хабарламасында

1 млн 517 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 601 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 680,9 мың га жерге қатысты тағы 57 материал ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларында тіркеу сатысында тұр. 2021 жылы 210 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 177 жоспардан тыс тексеру тіркелді.

Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер арқылы) бөледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға