Жаңалықтар

Боранды күні науқасты аман алып қалған ақтөбелік фельдшер марапатталды

Боранды күні науқасты аман алып қалған ақтөбелік фельдшер марапатталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.04.2024 14:44 5382

Елордада мемлекеттің гендерлік саясатын жетілдіру мақсатында Қазақстанның еңбекші әйелдерінің І форумы ұйымдастырылды. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Іс шара барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Ақтөбе облыстық шұғыл медициналық бекетінің аға фельдшері Сая Ыбырайқызын «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапаттады.

Боранды күні науқасты аман алып қалған ақтөбелік фельдшер марапатталды

Фото:Арман МҰХАТОВ

Естеріңізге сала кетсек, ақпан айында әлеуметтік желі қолданушыларын қолайсыз ауа райына қарамастан, қызметіне адалдық танытқан медицина қызметкерлерінің ерлігі тәнті еткен болатын. Олар ақтүтек боранда жаяу қар кешіп, жүрек талмасы ұстаған науқасқа барып, қажетті ем-домын жасаған еді.

Біздің бейнеролик әлеуметтік желілерге тарап, халық сүйіспеншілігіне бөленеміз деп ойламаған едім. Бүгінгі іс шараға Кәсіподақтар федерациясы арнайы шақыртып, күтпеген жерден төсбелгі тақты. Қуаныштымын. Еңбекші әйелдер форумы нәтижесінде лайықты деңгейде шешімдер қабылданады деген ойдамын,-деп ағынан жарылды ержүрек ару.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кайрат Тлеу (@paramedic_04)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға