Жаңалықтар

Боранда жолда қалып қойған жүкті әйел мен 2 бүлдіршін құтқарылды

Боранда жолда қалып қойған жүкті әйел мен 2 бүлдіршін құтқарылды
Фото: © El.kz 17.02.2024 13:10 1289

Жетісу облысында боранды күні жолда қалып қойған жүкті әйел мен 2 бүлдіршін құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Қар құрсауында қалып қойған тұрғындарды "ҚазАвтоЖол" ҰК" қызметкерлері алып шықты. Оқиға республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» автожолының 45-ші шақырымында болған.

Жолшылардың ұйымдасқан жедел жұмысының нәтижесінде олар мінген автокөлік арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан шығарылды деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» мекемесіндегілер.

Медицина қызметкерлерінің көмегі қажет болмағандықтан, олар өз бағыты бойынша Сарыөзек ауылына бет алды.

Соңғы келіп жеткен мәліметке сүйенсек, Жетісу өңірінде ауа райының қолайсыздығы салдарынан республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолында 39 көлік қар құрсауында қалып қойған. «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері барлық автокөлік жүргізушілеріне шұғыл көмек көрсеткен. 35 жеңіл көлік, 3 газель және 1 жүк көлігі қардан шығарылды. Ал көлікте болған жолаушылардың барлығы дерлік жылыну пунктеріне жеткізілді.

Қазіргі уақытта жолшылар жолды қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материал себу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көп ұзамай көлік қозғалысы толықтай қайта жанданатын болады.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға