Жаңалықтар

«Боран, көктайғақ, тұман». Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі

«Боран, көктайғақ, тұман». Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі
Фото: pixabay.com 06.11.2024 13:37 489

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағының басым бөлігі кең циклонды қамтиды, осыған байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жауып, қарға ұласады, солтүстік жартысында боран соғады.

Елдің басым бөлігінде көктайғақ, екпінді жел мен тұман күтіледі. 7 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қатты қар жауады, елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында 30 м/с және одан да көп екпіні бар өте қатты жел сақталады.

Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасының түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 2-7 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз - 3 градус жылы, таулы аудандарда 6-11 аяз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға