Жаңалықтар

Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті болып қайта сайланды

Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті болып қайта сайланды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 06.12.2023 18:36 1083

Халықаралық теннис федерациясының (ITF) директорлар кеңесі Малагада өткен ұйымның ресми жиналысы барысында төрт вице-президентті 2023 жылдан 2027 жылға дейінгі мерзімге бірауыздан қайтадан сайлады. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Болат Өтемұратов вице-президент болып қайта сайланды. Бұл қызметті 2019-2023 жылдары атқарып келген еді. Оған Брайан Хейнлайн (АҚШ), Сальма Муэли Гуизани (Тунис) және Рафаэль Уеструпп (Бразилия) қосылды. Все четыре вице-президента ITF-тың барлық төрт вице-президенті сондай-ақ ұлттық теннис федерацияларының президенті болып табылады.

Сонымен қатар осы күндері Астанада өтіп жатқан Қазақстан теннис федерациясының жыл сайынғы конференциясында Болат Өтемұратов алдағы төрт жылға ұйым президенті болып қайтадан сайланды.

Болат Өтемұратов 2007 жылдан бері ұйымға жетекшілік етіп келеді. Күні бүгін елде 48 қазіргі заманғы теннис орталықтары болса, ондағы 364 корттың басым бөлігі – жабық корттар. 30 мыңдай бала тенниспен айналысса, соның 3 500-і тегін жаттығады, олар қажетті киіммен қамтылып, ұлттық және халықаралық турнирлерге қатысу үшін федерациядан қаржылай қолдау алады. 

Осы жылдар ішінде федерация балалармен жұмыс істейтін 300 бапкер және 500 нұсқаушыны дайындап шығарды. Ұлттық жарыстармен (жылына 200-дей) қатар 2020 жылдан бері Қазақстанда ATP 250 турнирлері өтіп келеді. 2022 жылы жарыс деңгейі бір мәрте АТР 500-ге дейін көтерілді.

Қазақстандық жасөспірімдердің табыстары ерекше қуантады. Жуырда 16 жасқа дейінгілер арасында Қазақстанның бозбалалар мен қыздар құрамалары командалық әлем чемпионатында өнер көрсетті. Өткен жылы 14 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үздік төрт команданың қатарына кірді. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде ТОП-100-ге екі қазақстандық теннисші енді. Әмір Омарханов – 57, Асылжан Арыстанбекова 66-орында тұр.

Халықаралық теннис федерациясының бағалауы бойынша 2021 жылы-ақ Қазақстан теннистің дамуы жөнінен әлемдегі 20 үздік елдің қатарына кірді. Бұл ретте ойыншылар мен салынған корттар саны және ұлттық құраманың олимпиадалардағы, Дэвис кубогі мен Билли Джин Кинг кубогіндегі табыстары секілді критерийлер есептелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға