Болат Назарбаевтың қайда жерленетіні айтылды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың қайда жерленетіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Болат Назарбаев есін жиған кезде оны марқұм ата-анасының жанына, яғни, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының жанындағы рулық қорымға жерлеуді өтінді.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарын жерлеу орны ашық болған, қазір ол қоршалған, сондай-ақ стационарлық бекет орнатылған.
Айта кетейік, бүгін Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.
71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев дүниеден озды, - деп жазды Айдос Үкібай.
Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

