Болат Назарбаев шұғыл түрде ауруханаға түсті
04.11.2023 19:01
Фото:
saliqaly.kz/bolat-nazarbaev
Бірқатар дереккөздердің хабарлауынша, экс-президенттің інісі Болат Назарбаев ауыр жағдайда Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 365info.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, Болат Назарбаев 3 қараша, жұма күні кешке қайта миокард инфарктісіне күдікпен ОКБ-ға шұғыл жеткізілді. Қазіргі уақытта Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштерінің нашарлауы байқалады.
Бұған дейін ол соңғы 2 жыл бойы төсек тартып жатқандығы туралы хабарланған болатын. Өздеріңіз білетіндей, оған қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің болуымен асқынған көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

