Жаңалықтар

Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылды

Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылды
Фото: Болат Назарбаев 18.04.2023 10:03 2065

Қарасай аудандық сотының шешімімен жалпы көлемі 37,6 гектар болатын жер учаскесін сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды, ал бұл тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаевқа тиесілі орын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әңгіме «Барыс» автобазары жайлы.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешім 17 сәуірде жарияланған. Сот шешімі шыққанымен, жауап берушіге 28 сәуірге дейін апелляцияға жүгінуге уақыт берілді.

БАҚ өкілдері Болат Назарбаевқа тиесілі тағы 1,5 мың гектарға жуық жер телімін мемлекет меншігіне қайтарылатыны жазылуда. Бұл жер Жандосов ауылының жоғары жағында орналасқан және кадастрлық картада көлемі Шамалған ауылынан үлкен.

Еске салайық, прокуратура, әкімдік және Болат Назарбаев арасындағы іс ағымдағы жылдың наурыз айының соңында басталған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға