Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға сотталды

Астана қаласының мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айыпталған экс-шенеунік 8 жарым жылға сотталды. Сонымен қатар ол барлық наградасынан айырылды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Азамат Тоқтарбай Мажағұловты 10 жылға қамауды сұраған.
Болат Мажағұловты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын, - деген еді ол.
Сонымен қатар осы іс бойынша инженер Мәди Қанапин 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды.
