"Болашақтың" Басқарма төрағасы қызметінен кетті
Әнуар Жанғозин "Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Жанғозиннің әлеуметтік желідегі парақшасына сүйене отырып.
"Бүгін менің Халықаралық бағдарламалар орталығындағы жұмысым аяқталады. Ол мен үшін мақсатты күш-жігер мен оң нәтижелер кезеңі болды. Жұмыс барысында әріптестермен бірлесіп бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туды", - деп жазды Әнуар Жанғозин.
Ол Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы лауазымында болған уақытта "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау процесі басталғанын, инженерлік-техникалық және медициналық мамандарға арналған жеңілдіктер бекітілгенін еске салды.
Сондай-ақ, биылғы жылы үшінші тұлғалардың есебінен оқуды қоса қаржыландыру бекітілді, содан кейін еңбек өтілі бір күнтізбелік жылға қысқартылды. Оқу құнын төмендету үшін жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыстарды кеңейту бойынша жұмыс күшейтілді.
Осының арқасында өткен жылы 150 млн теңгеден астам қаражат үнемделді. Шет тілін білу бағдарламасының үміткерлеріне қойылатын талаптар да күшейтілді. Енді конкурсқа қатысуға барлық үміткерлер шет тілінен емтихан тапсыру туралы сертификат ұсынуы керек.