gov.kz

«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

01.03.2023 15:21

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт лекке бөлінген:

  • Құжаттарды қабылдаудың алғашқы мерзімі - 2023 жылғы 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында;
  • Қабылдаудың екінші легі - 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында;
  • Үшіншісі - 5 маусым мен 7 шілде аралығында;
  • Төртіншісі - 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді.

Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.