Жаңалықтар

Болашақ Отан қорғаушылары бірегей әскери оқу орнында болды

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді
Болашақ Отан қорғаушылары бірегей әскери оқу орнында болды
Фото: pixabay.com 18.11.2022 10:51 1564

Мемлекет басшысының әскери қызметтің имиджін арттыру және жастарды әскери борышын атқаруға ынталандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Қарулы күштерде өскелең ұрпаққа арналған іс-шаралар кешені жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында алматылық оқушылар Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында болды. Онда жоғары сынып оқушыларына оқу орнының тарихы, бірегейлігі мен ерекшеліктері туралы жан-жақты айтылды. Атап айтқанда, Орталық Азия аймағындағы радиотехникалық мамандық бойынша инженер-офицерлерді даярлайтын алғашқы әрі бірден бір әскери оқу орны екендігі атап өтілді.

Экскурсия барысында жоғары сынып оқушылары кафедраларда, оқу аудиторияларында, тренажер кешендерінде, оқу-далалық байланыс тораптарында болды. Сонымен бірге курсанттардың тұратын жерімен және тамақтанатын орнымен, тұрмыс жағдайларымен танысты.

– Институтта болу арқылы әскери мамандықты басқа қырынан таныдық десек те болады. Біз курсанттардың оқу жағдайын көріп, күн тәртібімен таныстық. Бастысы, бұл жерде тек офицерлік атақ қана емес, қазіргі заманғы жоғары технологиялық мамандық та алуға болады екен, – дейді Алматы қаласындағы № 157 орта мектептің 11 сынып оқушысы Мадияр Шашубай.

Бұдан өзге, экскурсия барысында оқушылар оқуға түсу тәртібі мен әскери оқу орнында оқудың артықшылықтары туралы курсанттар мен офицерлердің өз аузынан естіп білді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға