Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына қатысады
13.09.2024 22:47
Фото:
ҰОК
11 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.
Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, әзірге құрлық додасында бақ сынайтын боксшылар есімі белгісіз.
Азия чемпионатына дейін жігіттерді қарастырамыз. Жақында Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Сол бәсекеде кейбір салмақтардағы спортшыларды анықтаймыз. Одан бөлек, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз, - деді бас бапкер.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан соң бокстан Қазақстан командасында өзгерістер болып, бас бапкер қызметіне Қайрат Сәтжанов кірісті.
Ол осы қызметте Мырзағали Айтжановты алмастырған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

