6-7 сәуірде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатының жартылай финалы өтеді. Ел атынан 13 боксшы сынға түсіп жатыр. Әзірге үш спортшы өнер көрсетіп, біреуі финалға шықты.
Ақтық айқас үшін аламанды 70 келіге дей ін салмақтағы Бақыт Сейдіш бастап шықты. Қытай боксшысы Алимире Абудурейимуға қарсы жекпе-жекті сенімді бастады. Екінші раундта да басымдық сақтап, жылдам шабуылдады. Нәтижесінде, финалға жолдама алды. Оның шешуші жекпе-жектегі қарсыласы кейін анықталады.
Ал 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Валентина Хальзова Зи Баоға есе жіберді. Тәжірибелі отандасымыз қашықтықта жұмыс істеп, қарсыласының әр шабуылын толықтай бақылауға тырысты. Ал Қытай боксшысы 3 раунд бойы тоқтаусыз шабуылдады. Сөйтіп, төрешілер 3:1 есебімен жеңісті Зи Баоға берді. Осылайша, Валентина Хальзова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ерлер арасында 55 келіге дейін салмақта Махмұд Сабырхан жергілікті боксшы Хархуу Билгуунсайханмен жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалды. Төрешілер алғашқы раундты 4:1 есебімен моңғол боксшысының пайдасына шешкен. Екінші раундта да олар Хархудың шеберлігін жоғары бағалаған. Сөйтіп, ол финалға жолдама алып, Махмұд Сабырхан қоланы місе тұтты.
Түскі сессия:
15:00 80 кг Надежда Рябец – Пуджа Рани (Үндістан)
15:15 +80 кг Дина Исламбекова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
15:45 65 кг Ертуған Зейнулинов – Бунжонг Синсири (Тайланд)
16:00 Сабырхан Төрехан – Пейченг Ванг (Қытай)
7 сәуір:
48 кг Әйгерім Сәттібаева – Номундарь Энх-Амгалан (Моңғолия)
75 кг Сабыржан Аққалықов – Далай Ганзориг (Моңғолия)
85 кг Нұрбек Оралбай –Бариахан Дорж (Моңғолия)
60 кг Оразбек Асылқұлов – Абдурахмон Махмуджонов (Өзбекстан)
90 кг Сағындық Тоғамбай – Халимжон Мамасалиев (Өзбекстан)
+90 кг Айбек Оралбай – Довлет Ысламов (Түрікменстан)

