Бокстан әлем чемпионы мансабын қашан аяқтайтынын айтты
23.08.2023 13:52
Фото:
instagram.com/usykaa
Ауыр салмақта WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы украиналық Александр Усик бокстан кетуді әлі жоспарламайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz.
Усик Даниэль Дюбуаны жеңіп, содан кейін әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін Тайсон Фьюримен бокстасса да, мансабын мұнымен аяқтағысы келмейтінін мәлімдеді.
Жоқ, бұл соңғы нүкте емес. Мен 36 жастамын, бірақ бұл тек басы. Бокс қолғабын 15 жасымда кидім. Бәрі енді ғана басталып жатыр. Бокста тағы бірнеше жыл ғана жүретінімді түсінемін. Өзім де бокста көп уақыт өткізгім келмейді. Балаларымды мектепке апарғым келеді, – деді Усик.
Естеріңізге сала кетейік, Усик – Дюбуа жекпе-жегі 26 тамызда Польшаның Вроцлав қаласында өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

