Бокстан әлем чемпионы енді футбол клубында өнер көрсетеді
20.07.2023 14:00
Фото:
instagram.com/usykaa
Аса ауыр салмақта WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Александр Усик «Полесье» футбол клубының (Житомир) ойыншысы атанды. Бұл туралы украин клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биыл «Полесье» Украина Премьер-лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Ал 36 жастағы боксшы бір жылға келісімшартқа отырды, ол 17-нөмірмен ойнайтын болады.
Усик 26 тамызда Польшаның Вроцлав қаласында жекпе-жек өткізетінін айта кетейік. Оның қарсыласы – британ Даниэль Дюбуа.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

