Бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры рекордтық көлемде болады
2025 жылы Дубайда бокстан ерлер арасында өтетін әлем чемпионатының жүлде қоры рекордтық 8,32 миллион доллар болмақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) мәліметінше, чемпионат жеңімпаздарына – 300 мың доллардан, күміс жүлдегерлеріне – 150 мың доллардан, ал қола жүлде иегерлеріне 75 мың доллардан беріледі.
Бұл чемпионат рекордтар мен жүлделер туралы ғана емес, мұнда әрбір боксшы, әрбір бапкер және әрбір ұлттық федерация лайықты құрмет пен марапат алуы тиіс, – деді Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев. – IBA-ның басты мақсаты – боксшыларды қорғау, олар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау және біздің спорттың бірлік пен әділеттіліктің күші болып қала беруін қамтамасыз ету, – деп қосты ол.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 2-12 желтоқсан аралығында өтеді.

