Бокстан әлем чемпионаты: тоғызыншы күннің жарыс кестесі
09.05.2023 08:25
Фото:
Қазақстан бокс федерациясы
Бүгін, 9 мамырда, Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бес спортшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Асланбек Шымбергенов (71 кг) Израиль өкілі Мирослав Капулер-Ищенкомен жекпе-жек өткізеді. Ал Нұрбек Оралбай (80 кг) түрік Каан Айкутсунмен өзара кім мықтыны анықтайды.
Сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда үш боксшымыз өнер көрсетеді. Бірінші жұпта Махмұд Сабырхан (54 кг) Сачин Сивачпен бокстасса, Дулат Бекбауов (67 кг) Үндістанның тағы бір өкілі Акаш Сангванмен жұдырықтасады. Нұрқанат Райыс (75 кг) бразилиялық боксшы Вандерлей Перейрамен кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

