Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
10.09.2025 03:25
Фото:
ҚР ҰОК
Наталья Богданова өзіне бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының медалін қамтамасыз етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында түркиялық Сема Чалышканмен өзара мықтыны анықтады.
Наталья Богданова алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Нәтижесінде еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Осылайша, Наталья Богданова (70 келіге дейін) өзіне кем дегенде әлем чемпионатының қола медалін қамтамасыз етті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

