Бокстан әлем чемпионаты: Өзбекстан жартылай финалистер саны бойынша көш бастады
12 қыркүйекте әйелдер арасында 48 келіге дейінгі, ал ерлер арасында 50 және 85 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Осы кезеңде Қазақстан атынан Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Назым Қызайбай (48 кг) шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазірдің өзінде Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы 2025 жылғы әлем чемпионатының (Ливерпуль) жартылай финалына жолдама алып, жүлдегер атанды:
Алуа Балқыбекова (51 кг)
Виктория Графеева (60 кг)
Аида Әбікеева (65 кг)
Наталья Богданова (70 кг)
Елдана Тәліпова (+80 кг)
Махмұд Сабырхан (55 кг)
Төрехан Сабырхан (70 кг)
Айбек Оралбай (+90 кг)
Турнир кестесінде әзірге Өзбекстан көш бастап тұр – тоғыз медаль иегері бар. Бұдан бөлек, ширек финалда ел намысын Сабина Бобокулова (48 кг), Шодийоржон Меликузиев (50 кг) және Акмалжон Исроилов (85 кг) қорғайды.
Өзбекстанның өзге жартылай финалистері:
Феруза Казакова (51 кг)
Навбахор Хамидова (65 кг)
Азиза Зокирова (70 кг)
Абдумалик Халоков (60 кг)
Асадхужа Муйдинхужаев (65 кг)
Фазлиддин Эркинбоев (75 кг)
Жавохир Умматалиев (80 кг)
Турабек Хабибулаев (90 кг)
Жахонгир Зокиров (+90 кг)
Үшінші орында – Қытай, олардың алты боксшысы жартылай финалға шықты.

