ҚР ҰОК

Бокстан әлем чемпионаты: 8 желтоқсан күні шаршы алаңға кімдер шығады

8 желтоқсан, дүйсенбі күні, Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның жеті боксшысы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл күні мына спортшыларымыз 1/8 финалдағы жекпе-жектерін өткізеді: Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санәтәлі Төлтаев (67 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Нурмагамед Юсупов (92 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг).

Қазақстан боксшыларының қарсыластары (8 желтоқсан)

18:15 – 1/8 финал

Санәтәлі Төлтаев – Кассио Сантос Оливейра (Бразилия)

19:00 – 1/8 финал

Ерасыл Жақпеков – Жамбулат Бижамов (Ресей)

20:00 – 1/8 финал

Нурмагамед Юсупов – Эммануэль Рейес Пла (Испания)

21:00 – 1/8 финал

Нұрлан Сапарбай – Иман Раамезанпурделвар (IBA-PRO)

22:45 – 1/8 финал

Теміртас Жүсіпов – Девендра Сингх Соланки (Үндістан)

23:15 – 1/8 финал

Серік Теміржанов – Эндрю Чилата (Замбия)

00:30 – 1/8 финал

Сабыржан Аққалықов – Тавхириматеа Тохерири-Халлетт (Жаңа Зеландия)