Бокстан 2025 жылғы Әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтеді
23.01.2025 12:55
Фото:
ҚР ҰОК
World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, күнтізбе бойынша 2025 жылғы Әлем кубогының екінші кезеңі Қазақстанда ұйымдастырылады. Турнир 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.
Бокстан Әлем кубогы - ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы.
Сондай-ақ биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында финалдық бәсекелер орын алмақ.
Ал 2025 жылғы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтетіні белгілі болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

