twitter.com/@qazaqstyle

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

06.08.2022 16:12

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады –деп хабарлайды El.kz порталы боксшының твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақтағы әлем чемпиондарының өзімен неге жұдырықтасуды қаламайтынын түсіндірді.

«Барлығы чемпиондар менімен жұдырықтасып ақша таба алмайды дейді. Бұл – қате. Ақшадан ғана емес, денсаулығынан, есімінен, тіпті өмірінен де айырылады! Мен оларды түсінемін! Олар ақшаны ойламайды, тек өмір сүргісі келеді! Жақында... және жаңасы!», - деп жазды Әлімханұлы Twitter-дегі парақшасында.