Жапонияда әуесқой боксшы спаррингтен кейін комаға түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
39 жастағы спортшының есімі жария етілмеген. Ол 8 тамыз күні Токиода үш раундтық спарринг өткізіп, жекпе-жектен кейін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның миына операция жасаған. Боксшы әлі күнге дейін есін жимаған.
Белгілі болғандай, ол 10 жылдан астам уақыт бойы рингке шықпаған, алайда қайта оралуды жоспарлаған.
Біз оның тезірек сауығып кетуін тілейміз, – деді Жапония бокс федерациясының президенті Тацуя Накама.
Айта кетейік, бұған дейін 2 тамызда Токиода өткен бокс кешінде екі жапон боксшысы көз жұмғаны хабарланған еді. Сол күні рингке шыққан тағы бір спортшы қазір де комада жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

