Жаңалықтар

Боксшы Назым Қызайбай болашақ жары туралы айтты

Боксшы Назым Қызайбай болашақ жары туралы айтты
Фото: видеодан алынған кадр 19.12.2024 14:51 157

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай болашақ жары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі  "Дядя Ваня" Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ол ер адамның сұлулығына аса мән бермейтінін жеткізді.

Менің болашақ жарым мейірімді адам болуы керек. Ол мені адам ретінде құрметтеп, бағалай білсе екен деймін, сонымен қатар өз сөздері мен іс-әрекеттеріне жауап бере алатын болуы қажет. Жігіт өзін де, сүйіктісін де қорғай алуы тиіс. Ал ер адамның сымбатына келер болсақ, әркімнің өз критерийлері бар. Сондықтан бұл қасиет мен үшін аса маңызды емес, - деді боксшы қыз.

Спортшы әлеуметтік желіде әлі де оқырмандарына жауап беретінін, бірақ соңғы кездері жаттығулардан қолы тимей жүргенін мәлімдеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға