Боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасына жолдама алды
02.06.2024 18:44
Фото:
Бокс федерациясы
21 жасар боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасында өнер көрсететін болды. Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы тарихта үшінші рет толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бангкок қаласында өтіп жатқан іріктеу кезеңінде 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шешуші айқаста молдовалық боксшы Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті.
Қазіргі таңда қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарының 58 лицензиясына қол жеткізді.
Біз бұған дейін спортшы қыздарымыз Валентина Хальзова мен Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

