Боксшы Даниял Сәбит әлем чемпионатын сенімді бастады
06.12.2025 21:49
Фото:
ҚР ҰОК
Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) әлем чемпионатында қазақстандық Даниял Сәбит сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
51 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған боксшы 1/16 финалда кениялық Кельвин Майнамен қолғап түйістірді.
Азия чемпионатының күміс жүлдегері және Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған Даниял қарсыласын тізе бүктіріп, келесі кезеңге жолдама алды. Ал Майна турнирдегі жолын осы тұста тоқтатты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл әлем біріншілігіне барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр. Бұған дейін бес бірдей тарланымыз алғашқы айналымнан сүрінбей өткен.
Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 8,32 миллион долларды құрайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

