instagram.comsakenbibosinov / instagram.com/boxingkazakhstan

Боксшы Асланбек Шымбергенов әріптесі Сәкен Бибосынов туралы пікір білдірді

15.05.2023 15:09
Ташкенттегі бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов әріптесі Сәкен Бибосыновтың жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Асланбек Шымбергенов Ташкенттегі әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов пен үнді спортшысы арасындағы жекпе-жектің нәтижесімен келіспейтінін айтып қалды.

Сондай-ақ, ол Сәкен Бибосыновтың жеңілісін күмәнді деп айтты.
Менің көзқарасым бойынша Сәкен Бибосынов жеңіп тұрды. Дегенмен төрешінің көзқарасы басқаша болды. Біз төрешілерге қарсы шыға алмаймыз”, - деді спортшы Асланбек Шымбергенов
Еске сала кетейік, бүгін елордаға Ташкенттегі әлем чемпионатының чемпиондары Асланбек Шымберген, Сабырхан Махмуд, Дулат Бекбауов және Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов оралды.