ҚР ҰОК

Боксшы Алуа Балқыбекова Әлем кубогының финалына шықты

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова елордада өтіп жатқан Әлем кубогының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық боксшы жартылай финалдық кезеңде Бразилия өкілі Каролин Барбоса Же Алмейдаға қарсы шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта Әлем кубогының алтын медалі үшін бақ сынайды.