© Freepik.com

Бокс федерациясы Виктор Дмитриевтің отбасына көңіл айтты

02.05.2025 21:35

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Дмитриевтің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы әрі Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриев 71 жасында өмірден озды.

Қазақстан бокс федерациясы мен еліміздің бокс қауымдастығы атынан Виктор Дмитриевтің мезгілсіз қазасына байланысты шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз.

Виктор Константинович аты аңызға айналған бапкер еді. Ол көптеген мықты былғары қолғап шеберлерін тәрбиелеп шығарды. Боксқа деген махаббаты соншалық, өмірінің соңғы жылдарына дейін балаларды жаттықтырудан бас тартқан жоқ. Ол бүкіл жаттықтырушылық мансабында 10-нан аса спорт шеберін, 20 спорт шеберлігіне үміткерді дайындады. Оның шәкірттері республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіске жетті. Алайда бапкер жұмысының ең үлкен жемісі сөзсіз – Геннадий Головкин болды. Осылайша ол отандық бокстың дамуына баға жетпес үлес қосты. Тағы да туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Виктор Дмитриевтің есімі ешқашан ұмытылмайды,-делінген федерацияның көңіл айту хатында.