Бокс: Балқыбекова мен Әбікеева әлем чемпионатында топ жарды
Қазақстандық боксшылар Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова қарсылас шақ келтірмеді.
Отандасымыз ақтық сында түркиялық Бусе Наз Чакыроглумен кездесті.
Тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша Алуа Балқыбекова екі дүркін әлем чемпионы атанды. Қорытынды есеп: 5:0.
Ал Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңді.
Алғашқы екі раунд өзбек қызының пайдасына аяқталды. Дегенмен Аида үшінші раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды. Нәтижесінде екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Осылайша, Қазақстанның қоржынында төрт алтын медаль бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.

