«Бөкейорда» табиғи резерватының басшысы қамауға алынды
26.05.2025 10:39
Фото:
©El.kz/Арман Мухатов
Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры сыбайлас жемқорлық күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, шенеунік резерватта нақты жұмыс істемеген тұлғаға заңсыз жалақы есептеу арқылы ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған.
Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Тергеу амалдары жалғасуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

