Жаңалықтар

Бөгет бұзылды: Махамбет ауданында халықты толықтай эвакуациялау басталды

Бөгет бұзылды: Махамбет ауданында халықты толықтай эвакуациялау басталды
Фото: Атырау облыстық жедел штаб 23.05.2024 02:00 944

Атырау облысы Махамбет ауданында халықты толықтай эвакуациялау басталды, дабыл қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Махамбет ауданы Жалғансай ауылында түн ортасында бөгет бұзылды.

ТЖ жөніндегі облыстық жедел штабтың мәліметінше, дәл қазір ауылдық дәрігерлік пунктті су басу қаупі төніп тұр. Жағдайды тұрақтандыру үшін облыс орталығынан қосымша күштер мен ресурстар тартылды. Облыс әкімі төтенше жағдай орнына барды.

Сағат 01.20 дабыл сигналдары қосылды. Ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сонымен қатар облыс орталығына  эвакуациялау басталды. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ,-делінген жедел штаб мәліметінде. 

Қазір төтенше жағдайды жоюға Қорғаныс министрлігінің жеке құрамының 15 техникасы мен 50 сарбаз  жұмылдырылған.

Айта кетейік, Жалғансай ауылы аудан орталығы Махамбет ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан. Жалғансай ауылындағы халық саны 1286 адамды құрайды. Тұрғын үйлер саны – 237.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға