Блогер суы тартылған Каспий жағалауын көрсетті
26.06.2023 10:15
Фото:
Видеодан кадр
Ақтаулық блогер және қоғам қайраткері Нұркен Тәжібай әлеуметтік желіде суы тартылған Каспий теңізінің жағалауын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Блогердің Instagram парақшасында жариялаған видеосында Каспийдің жағалау жиегі қатты өзгергенін байқауға болады: әлемдегі ең үлкен жабық су айдыны таязданып барады.
Таяз Каспий. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жаңаөзеннен оңтүстікке қарай 85-90 шақырым, - деп жазды Нұркен Тәжібай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

