Блогер полициямен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
24.05.2024 23:15
Фото:
©El.kz/Арман МУХАТОВ
Түркістан облысында белсенді блогер, жеке кәсіпкер Азамат Байбосынов полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысып, бір күн бойы бірлесіп қызмет атқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-не сілтеме жасап.
Шараның мақсаты- кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, оның ішінде электроциклдер мен мопедтерді басқару жайттарының алдын алу. Осыған байланысты қоғам белсендісі тәртіп сақшыларымен бірге тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жаңа заңға сәйкес 18-ге толған электроцикл мен мопед басқарушыда арнайы жарық шағылыстыратын белгі мен шлем, жүргізуші куәлігі болуы шарт.

