Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесіп, көлік пен пәтер сыйлады
Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесті. Жүздесу кезінде ол қызының анасына су жаңа JAC маркалы көлігін сыйға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан өзге блогер бүлдіршіннің анасына Астана қаласынан жаңа пәтердің кілтін және де қыздың емі үшін қомақты қаржыны табыстады. Бұл сәттің видеосын Дархан Жолшыбеков өзінің Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбадан бүлдіршінге әкесі бірнеше ойыншықты сыйлағанын көруге болады.
Айта кетейік, бұған дейін блогер Дархан Жолшыбековтің некесіз туған бес жасар қызы бар екені белгілі болды. Бұл туралы бүлдіршіннің анасы отандық "Көреміз" бағдарламасына келіп, жанайқайын жеткізген еді. Ол өз сөзінде қызының сырқаты барын, ал әкесі небәрі 15 мың теңге алимент төлейтінін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram