Жаңалықтар

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 60 жуық жоба мақұлданды

11,3 млрд теңгені құрайтын 57 жоба мақұлданды
18.09.2015 04:12 4543

Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 11,3 млрд теңгені құрайтын 57 жоба мақұлданды. Жалпы, 2010 жылдан бері жалпы көлемі 83 млрд теңгеден асатын 470 жоба қолдау тапқан.

Астана қаласы Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының хабарлауынша, 2015 жылғы 1 қаңтар жағдайында «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» атты төртінші бағыт аясында 3800 адам оқып, бизнесті жүргізу бойынша 10 мыңнан артық сервистік қызмет көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 60 жуық жоба мақұлданды

Салалық бөліністе  өндеу өнеркәсібіндегі жобалар 30%, қызмет көрсету саласында – 70%  құрайды, атап айтқанда, көлік саласында – 35,7%, қонақ үй бизнесінде – 10,7%, білім беру – 7,7%, денсаулық сақтау – 9% және т.б. – 9,7 %.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 60 жуық жоба мақұлданды 

Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы - 2020» аясында қалада жетіспейтін инфрақұрылымды салу үшін 2015 жылы үш жобаға 81,8 млн теңге, ал 2010 жылы 35 жобаға 2,5 млрд теңге бөлінді, соның ішінде бағдарлама гранты аясында 60 млн теңгені құрайтын 20 жоба мақұлданды. Бұл жобалар қағаздан стакан, жұмыс қолғаптарын, сыртқы және балалар киімін жасау өнеркәсібімен, жылыжай құрылысы, сынап қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған такси қызметін ұйымдастыру, шұлық тігу, «құтқару түймесі» әлеуметтік жобасы және т.б. жобалармен байланысты.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 60 жуық жоба мақұлданды 

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 5 жылдың ішінде 81 млрд теңгеден астам соманың 415 жобасы субсидияланды: 2015 жылы – несие сомасы 11,2 млрд теңгені құрайтын 54 жоба. Бұдан басқа, 65 жобаға 3 млрд теңгеден астам, ал жыл басынан бері 26 жобаға кепілдендірілген несие бөлінді.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға