Жаңалықтар

«Бизнеске жол» жобасы аясында 36 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды

«Бизнеске жол» жобасы аясында 36 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды
Фото: pixabay.com 30.05.2024 09:23 577

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі негізде бизнесті қорғау бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған бағыт шеңберінде «Бизнеске жол» жобасы іске асуда. Бұл жоба шағын және орта бизнестің нақты мәселелерін шешуге бағытталған.

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде әкімшілік кедергілерді жоюға байланысты мәселелер бойынша бизнес-қоғамдастықпен тұрақты кездесулер өткізіледі.

Жобаны іске асыру басталғаннан бері 36 420 кәсіпкердің, оның ішінде ағымдағы жылдың басынан бастап 7 420 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Бизнес субъектілерімен 12 мыңға жуықтергеу әрекетін жүргізу туралы барлығы 1 929 қорытынды қаралды.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Заң бойынша бұндай заңсыз әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

2023 жылдан бастап осындай фактілер бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 7-ізаңсыз іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқарған.

Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін елордалық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ол мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы заңсыз хабарлама енгізген. Нәтижесінде басқа ұйым жеңімпаз деп танылды. Кәсіпкер лауазымды тұлғаның бұл әрекеттеріне сотқа шағымданған.

Лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралып, 184 600 теңге (50 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1424 нөмірі бойынша Call-орталық, @AntikorKZ_bot Telegram-боты және Қабанбай батыр даңғылы, 19 Б блогы мекенжайы бойынша лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы ақпаратты қабылдайтынын хабарлаймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға