Жаңалықтар

Бизнес туралы заң Мәжіліске қайтарылды

Бизнес туралы заң Мәжіліске қайтарылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 29.02.2024 11:40 798

Бүгінгі Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының екінші оқылымы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 4-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жекелеген баптарын мақұлдамауды және заңның көрсетілген баптарының жаңа редакциясын ұсына отырып, оны Мәжіліске қайтаруды ұсынды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, осыған орай кестеге 21 түзету енгізілген.

Заңның жекелеген баптары мақұлданбады және заң олардың жаңа редакциясымен Мәжіліске қайтарылады. Мәжіліс қабылдаған қалған баптар мақұлданды, - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы бүгін қаралған заң бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасауды көздейтін ауқымды түзетулер топтамасын қамтитынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға